Сайлау-2015

Қазақстан Президентінің сайлауы басталған үш сағатта сайлаушылардың 19,7 пайызы дауыс берді – ҚР ОСК

Қазақстан Президентінің сайлауы басталған үш сағаттың ішінде сайлаушылардың 19,7 пайызы дауыс берді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.
Астана қаласы26 Сәуір , 11:48

«Сайлау комиссияларынан келіп түскен ақпараттар бойынша, сайлаушылар сайлау учаскелерінде белсенді дауыс беріп жатыр. Еліміздегі облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының сайлау учаскелерінің жіберген мәліметтер бойынша, 2015 жылдың 26-сәуіріндегі сағат 10-00-де сайлау бюллетеньдерін сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 19,7 пайызы алды»,-деді Л.Сүлеймен ОСК өткен брифингте.

Олардың арасында сайлау бюллетеньдерін Ақмола облысы бойынша сайлаушылардың 23,48 пайызы, Ақтөбе облысы бойынша, 16,8 пайызы, Алматы облысында 26,10 пайызы, Атырау облысында 11,13 пайызы, Шығыс Қазақстан облысында 27,31 пайызы, Жамбыл облысында 21,69 пайызы, Батыс Қазақстан облысында 12,11 пайызы, Қарағанды облысында 21,06 пайызы,  Қызылорда облысында 22,03 пайызы,  Қостанай облысында 27,61 пайызы, Маыңғстау облысында 16,92 пайызы, Павлодар облысында 21,32 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысында 26,45 пайызы, Оңтүстік Қазақстан облысында 13,89 пайызы, Астанада 12,92 пайызы, Алматыда 8,33 пайызы  алған.

Осылайша, республика бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың орташа көрсеткіш 19,17 пайызды құрап отыр.   

Камила Амирова

 

 




Яндекс.Метрика