Сайлау-2015

Н.Назарбаев президенттік сайлауда дауысын берді (ФОТО)

Нұрсұлтан Назарбаев президенттік сайлауда өз дауысын берді.
Астана қаласы 26 Сәуір, 11:39

Дауыс беру үшін Н.Назарбаев  Оқушылар сарайындағы №81 сайлау учаскесіне келді.

«Бүгінде елімізде тарихи маңызды оқиға өтуде – жалпыұлттық Президент сайлауы. Егер отандық және шет мемлекеттегі сайлау учаскелерін алатын болсақ олардың саны 9700-ден асады және дауыс беруге құқығы бар 9,5 млн-ға жуық сайлаушы бар. Бүгін олар өздерінің конституциялық міндетін іске асыра алады, бір жағынан оларда таңдау құқығы бар – өз болашағын таңдау, өз бағытын таңдау және билік пен әрекеттерге баға беру», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасын Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі көтерді. Бүгінде 9 млн 514 мыңнан астам сайлаушы бюллетендерін қорапқа салады деп жоспарлануда. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика