Сайлау-2015

Болашақ Қазақстан Президентіне дауыс беру – әр қазақстандықтың азаматтық борышы – зейнеткер (ФОТО)

Бүгін көптеген сайлау уческелерінде зейнеткерлер, егде жастағы азаматтар мен ардагерлер белсенділік танытты.
Астана қаласы 26 Сәуір, 11:02

Әр адам өз мемлекетінің болашағы, балалары мен немерелері  үшін алаңдайды, себебі Қазақстан басшысына әр қазақстандықтың одан арғы өмірі байланысты деп есептейді. Аға буынның есептеуінше, болашақ Қазақстан Президентіне дауыс беру – әр қазақстандықтың азаматтық борышы.

«Бүгін жалпыхалықтық мереке. Біз еліміздің Президентін таңдаймыз. Сайлауға өзімнің жарыммен келдім. Ол батыр ана. Мен Қостанай облысы Амангелді ауданының Құрметті азаматымын. Музыкант ретінде жұмысымды жалғастырудамын, кәсіби маман ретінде маған деген сұраныс әлі бар. Президент сайлауына барлығы баруы керек деп есептеймін, біз болашағымызды таңдап жатырмыз ғой», -деді ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Астана қаласындағы  № 89 сайлауы учаскесінде дауыс берген  зейнеткер Сапар Ахметжанов.

«Бүгін өзімнің азаматтық міндетімді орындау үшін  сайлауға келдім. Мен жастарды көргім келді, белсенді жастарға қызыға қараймын, біздің болашағымыз осы жастар ғой. Тәуелсіздік жылдарында біз еліміздің дамуында үлкен игі өзгерістер болғандығын көрдік. Еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Бәрі мемлекет басшысына байланысты, себебі басшының бәрі елді дұрыс басқара алмайды, оған әлемдік қауымдастықта дәлелдер де бар», - деп атап өтті №23 елордалық сайлау учаскесіне өз даусын беруге келген  зейнеткер, Астана ардагерлерінің қалалық кеңесінің мүшесі Қайрат Кенжебұлатов ҚР президентінің сайлауында.

«Қазақстанның әр азаматы ҚР болашақ Президенті үшін өз даусын беруі керек. Біз еліміздің болашағын таңдаймыз. Менің отбасымнан сайлауға төрт адам келді, әрқайсысы өз таңдауын жасайды», - деді Астананың медициналық университетінің оқытушысы Майра Тохаева.

«Мен бүгінде біздің мемлекетіміз экономикалық тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты деп сенімді айта аламын. Ел Президенті дұрыс саясат жүргізуі керек, мен өз таңдауымды жасадым және оның дұрыс екеніне сенімдімін. Мен өзімнің отбасымның барлық мүшелерін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысуға шақырдым», -  деді зейнеткер, Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика