Сайлау-2015

Қ. Тоқаев: Бүгін біз өсуге, Қазақстанның өркендеуіне дауыс береміз (ФОТО)

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Конгресс-Холл сарайында орналасқан Астана сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 26 Сәуір, 10:29

Жергілікті және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатында Сенат спикері сайлаудың Қазақстан үшін тарихи маңыздылығын атап өтті.  

«Бүгін біз өсуге, Қазақстанның өркендеуіне дауыс  береміз. Алдыда үлкен міндеттер тұр, олар бірінші кезекте «Нұрлы жол» бағдарламасы мен 5 негізгі, халықтық институционалды реформалар. Егер бұл бағдарлама-реформалар жүзеге асырылатын болса, ал олардың міндетті түрде жүзеге асырылады, Қазақстан ешқандай күмәнсіз өзінің әрі қарай дамуына тағы бір үлкен қадам жасайды»,-деді Қ.Тоқаев.

 





Яндекс.Метрика