Сайлау-2015

Қазақстан Президенті сайлауында 1020-дан астам халықаралық байқаушылар жұмыс істеуде – ҚР ОСК

Қазақстан Президенті сайлауында 1020-дан астам халықаралық байқаушылар жұмыс істеуде, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мельдешов.
Астана қаласы26 Сәуір , 10:01

«Қазақстанның сайлау заңнамасымен сайлауды халықаралық бақылау институты қарастырылған. Қазақстан Республикасының кезектен тыс сайлауында Орталық сайлау комиссиясы 856 халықаралық байқаушыны тіркеген. Оның ішінде АҚДИБ/ЕҚЫҰ миссиясы - 36 мемлекеттен 291 байқаушы, ТМД-дан бақылаушылар миссиясы - 410 байқаушы, ШЫҰ-нан бақылаушылар миссиясы - 10 байқаушы, үш халықаралық ұйымнан - 29 байқаушы, 37 шетелдік мемлекеттен - 116 байқаушы», - деді Б.Мельдешов ОСК-дегі брифингте. 

ОСК хатшысы атап өткендей, байқаушылар үшін дауыс берудің барлық кезеңінде сайлау процесіне еш кедергісіз мониторинг жүргізуі үшін барлық жағдай жасалған.

Осы ретте, ҚР Сыртқы істер министрі 37 мемлекеттен 168 бұқаралық ақпарат өкілдерін тіркеуден өткізді. Осылйша, Б.Мельдешовтң ақпараты бойынша барлығы 1024 халықаралық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілдері тіркелген.

«Бұдан басқа, барлық сайлау уческелерінде ел Президнттігіне кандидаттардың сенімді тұлғалары дауыс беру барысын бақылауда. Бүгінгі таңда 30 мыңға жұйық сенімді тұлға тіркелген», - деп атап өтті ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика