«Қазіргі таңда еліміздің барлық аумағында орналасқан сайлау учаскелері дауыс беруге кірісіп кетті. Атап айтсақ, Ақмола облысында - 808, Ақтөбеде - 521, Алматыда- 883, Атырауда-232, Шығыста - 1079, Жамбыл облысында - 461, Батыс Қазақстанда - 523, Қарағандыда- 784, Қызылордада - 345, Қостанайда - 847, Маңғыстауда -177, Павлодарда -576, Солтүстік Қзақастанда -709, Оңтүстік Қазақстанда - 1029, Астана қаласында - 254, Алматыда - 513», - деп хабардар етті ОСК-дегі брифингте Б.Мельдешов.
Жалпы, дауыс беру республиканың барлық 9 741 сайлау учаскесінде өтіп жатыр.
«Ақпараттарға сәйкес, бүгінгі таңда дауыс беру транспарентті, әділ, ешқандай заңбұзушылықтарсыз ашық, іскерлік жағдайда, тыныш және сайлау заңнамаларының нормаларына сәйкес өтіп жатыр», - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) ақпаратынша, сайлауды шетелдің, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ-тың 1000-нан астам байқаушылары бақылауда.
Камила Амирова