Сайлау-2015

Парадқа қатысушылар үшін шатырлы лагерде уақытша сайлау учаскесі ашылды (ФОТО)

Парадқа қатысушы әскери қызметшілер ашық және жабық сайлау учаскелерінде таңғы 8-ге дейін 100 пайыз дауыс беруге қатысты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 26 Сәуір, 09:28

«Шатырлы лагерде курсанттар, кадеттер және мерзімді қызметтің әскери қызметшілері үшін № 182 жабық сайлау учаскесі орналастырылған. Осы және басқа да жерлерде дауыс берудің заңдылығы мен ашықтығын Орталық сайлау комиссиясының өкілдері мен тәуелсіз бақылаушылар қадағалауда.  Сонымен қатар, лагерьде орналасқан офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де Астана қаласында бөлінген сайлау учаскелерінде есептен шығару талондарымен дауыс берді», - делінген хабарламада.

Бақылау мақсатында Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы жанынан ҚР Президентінің сайлауы бойынша ақпарат жинау жөніндегі орталық құрылған. Осы жерге сағат сайын шатырлы лагерьдегі дауыс беру барысы туралы барлық ақпарат лег-легімен келіп түсіп отырды.

Осылайша, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 4000-ға жуық әскери қызметші өздері тұрғылықты тұратын және әскери бөлімдері орналасқан жерлерден жырақта болғанына қарамастан сайлауға қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдіруге толық мүмкіндік алды.
 





Дерекнама

Яндекс.Метрика