Сайлау-2015

Оңтүстік Кореяда арнайы жиында жүрген ҚР ҚК жауынгерлері ҚР Президентінің сайлауына қатысты

ҚР Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы таеквондошылар командасының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына бірінші болып қатысты.
Әлемде 26 Сәуір, 08:49

Қазіргі уақытта олар Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы жиында Дүниежүзілік армияшылардың  спорттық ойындарына дайындалуда. Дауыс беру үшін олардың барлығы Сеул қаласына жол тартты, онда алдын ала арнайы сайлау учаскесі құрылған болатын.

Айта кету керек, уақыттың айырмашылығына байланысты күн шығыс елінде жүрген қандастарымыз 5 сағат бұрын өз таңдауын жасап үлгерді. «Мен Қазақстан Республикасына қызмет етемін, сондықтан да Президент сайлауына қатысуды өз борышым деп санаймын. Ел болашағы оның азаматтарының қолында болғандықтан, әрбір қазақстандықтың дауысы өте маңызды», - дейді ҚР ҚМ АОСК әскери қызметшісі Алмас Мүкаманов.

Таеквондодан ҚР Қарулы Күштері командасының құрамында ҚР ҚМ АОСК әскери қызметшілері Әнуар Үсенов, Алмас Мүкаманов, Исламғали Әбуов, Марат Әбдіқалиев, Руслан Жапаров, Мереке Жүнісова және Сұлтан Қалибекұлы бар. Осы кезде, Оңтүстік Кореядан бөлек, Ресейде, Беларусьте, Украинада, Түркияда, АҚШ-та, Қытайда, Ұлыбританияда, Германия мен Үндістанда жүрген 400 ден астам әскери қызметшіміз дауыс беру шарасына қатысып жатыр. Осыған орай аталған елдердің ірі қалаларында уақытша сайлау учаскелері құрылған.

 





Яндекс.Метрика