Сайлау-2015

Қазақстан Президентінің сайлауын өткізуге барлық сайлау комиссиялары дайын – ҚР ОСК

Қазақстан Президентінің сайлауын өткізуге барлық сайлау комиссиялары дайын, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мельдешов.
Астана қаласы26 Сәуір , 08:01

«Президент сайлауы еліміз үшін маңызды саяси оқиға. Мемлекеттік сайлау органдары оны ұйымдастыру бойынша барлық шараларды, моральды-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырды. Барлық қажетті құжаттар, нормативті құқықтық актілер, әдістемелер мен түсіндірмелер уақытында дайындалды. Барлық сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге және дауыстарды санауға дайын» ,- деді Б.Мельдешов  ОСК-дағы брифингте.

ОСК хатшысы 2015 жылдың 26-сәуірі күні таңғы сағат жетіден бастап, 9 мың 741 сайлау учаскесінде Президент сайлауы  өтіп жатқандығын атап өтті. Сайлау  Астана уақыты бойынша кешкі сағат 20-00-ге дейін жалғасады.

«Қазақстан  Республикасының өкілдіктерінде 65 сайлау учаскесі ашылады. Еліміздің батыс аймақтарында уақыт ерекшелігіне байланысты дауыс беру Астана уақытымен сағат 21-00-ге дейін жалғасады.  Сайлау учаскелері Вашингтон, Нюй-Иорк пен Оттавада 27-сәуір күні Астана уақыты бойынша таңғы сағат  6-да жабылады»,-деп қосты  ҚР ОСК хатшысы.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика