Сайлау-2015

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 мың 741 сайлау учаскелерінде өтіп жатыр – ҚР ОСК

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 мың 741 сайлау учаскесінде өтіп жатыр, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мельдешов.
Астана қаласы26 Сәуір , 07:27

«Бүгін 2015 жылдың 26-шы сәуірі күні Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы жылдың 25-ші ақпанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің  кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлығына сәйкес, республиканың барлық аймақтарында кезектен тыс Президент сайлауы бойынша дауыс беріледі. Президент сайлауы еліміздің маңызды науқаны. Тиісті сайлау мемлекеттік органдары сайлауды өткізу үшін барлық қажетті ұйымдастыру, техникалық және қаржылық шараларды қабылдады. Нормативті-құқықтық құжаттар, әдістемелік құралдар сияқты өзге де қажетті материалдар мен құжаттар уақытында даййындалды. Еліміздегі барлық сайлау комиссиялары дауыс беру мен берілген дауыстарды санауға дайын»,-деді Б.Мельдешов ОСК-да өткен брифингте.

Дауыс беру Астанадағы барлық 9741 сайлау учаскілерінде таңғы сағат жетіде басталады және кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

«Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттеріндегі өкілдіктерінде  ашылатын 65 сайлау учаскесі бар. Еліміздің батыс аймақтарында уақыт алшақтығына байланысты дауыс беру уақыты Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ге дейін жалғасады. Ал, Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавадағы сайлау учаскілері Астана уақыты бойынша ағымдағы жылдың 27- сәуірінде сағат таңғы 6-да жабылады», - деп атап өтті ҚР ОСК хатшысы.

«ҚР Орталық сайлау комиссиясы өз қызметінде барынша ашық және сайлау науқанын өткізуге мүдделі барлық ұйымдармен сайлау заңнамасынның нормаларына  сәйкес байланыс орнатуды ұстанатын болады», - деді ол.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика