Сайлау-2015

Қазақстанда - ҚР Президентін сайлау күні

Астана уақыты бойынша таңғы сағат 7.00 Қазақстанның басым бөлігінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылды.
Астана қаласы26 Сәуір , 07:02

Қазақстанның сайлаушылары үш кандидаттың бірін таңдайды: ҚКХП атынан кандидат Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынушы Әбілғазы Құсайынов және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

2015 жылдың 25 ақпанында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы»  № 1018 Жарлыққа қол қойды. Аталмыш құжатқа сәйкес, президенттік сайлау 2015 жылдың 26 сәуірінде өту керек.

ҚР ОСК мәліметі бойынша, 2015 жылдың 10 сәуіріндегі жағдай бойынша елімізде дауыс беруге құқығы бар 9 млн 514 мың 988 сайлаушы бар.

Бұдан басқа, алдағы сайлау барысын шет мемлекеттің 1 мың 26-дан астам байқаушысы, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдері бақылайтын болады. 




Яндекс.Метрика