Адами капитал

Астана және Қарағанды авиабазаларында парадтың ұшу құрамдарының жаттығулары өтуде (ФОТО)

Астана мен Қарағанды авиациялық базаларында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысатын ұшу құрам мен авиациялық техникалар даярлыққа кірісті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 25 Сәуір, 15:31

«Қазіргі уақытта жауынгерлік ұрыс ұшақтары мен тікұшақтар экипаждары жұптық және топтық құрамда 200 метрден 500 метрге дейінгі биіктікке ұшуды пысықтауда. Біздің ұшқыштарымыздың даярлық деңгейі айтарлықтай жоғары. Бұған қарамастан авиаторлар қосымша жаттығулардың ешқашан артық болмайтынын атайды», -  делінген хабарламада.

Парад күні қазақстандық Әскери-әуе күштерінің 70 авиациялық техникасы әуеге көтеріледі. Оның құрамында майдандық, әскери-транспорттық және армиялық авиацияның Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 (Airbase Military) ұшақтары, сондай-ақ, Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32, және ЕС-145 (Еврокоптер) тікұшақтары бар.

Әскери ұшқыштар түрлі пилотажды топтардың құрамында «Қазақ елі» алаңында ұшып өтеді. ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің тәжірибелі ұшу экипаждары ерекше кескіндеме орындауды жоспарлауда. Авиа-шоу алдағы әскери парадтың ең қызықты бөлігі болып табылады.





Яндекс.Метрика