Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Прагада халықаралық бағытта жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруды жетілдіру мәселесі талқыланды

Прагада Темір жолдар достығы ұйымының (ТЖДҰ)Теміржолдың бас директорлары (жауапты өкілдердің) конференциясының XXX отырысы өтті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ.
Әлемде25 Сәуір , 12:32

Конференцияға Балтық жағалауы, Болгария, Вьетнам, Қытай, Моңғолия, Польша, Румыния, Словакия республикаларының теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.

«Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ делегациясын вице-президент Бауыржан Орынбасаров бастап барды.

Келелі кеңесте халықаралық бағытта жолаушылар мен жүкті тасымалдауды ұйымдастыруды жетілдіру мәселесі талқыланды.

Пленарлы отырыстың қорытындысы бойынша ТЖДҰ Теміржолдың бас директорлары (жауапты өкілдердің) конференциясы XXX отырысының  Хаттамасына қол қойылды.

Айта кетерлік жайт, ТЖДҰ Теміржолдың бас директорлары (жауапты өкілдердің) конференциясының кезекті XXXI отырысы 2016 жылы сәуір айында Қырғызстан Республикасында өтеді.  




Яндекс.Метрика