Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Шымкентте халықаралық әуежай салынады

«AirportManagementGroup» ЖШС (АО «Қазақстан темір жолы» АҚ еншілес компаниясы) мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Шымкент қаласында халықаралық әуежай салу туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлады ҚТЖ.
Оңтүстік Қазақстан25 Сәуір , 15:06

Жобаны жүзеге асыру аясында жүк және жолаушылар тасымалы терминалын салу жоспарланған. Тұжырымдамаға сәйкес жаңа терминалдар теміржол, автобус станцияларымен және көлік логистикалық орталықпен интеграцияланған. Әуежайды дамытудың мұндай тұжырымдамасы Қазақстан Республикасында алғаш қолданылып отыр.

ҚТЖ-ның ақпаратына сәйкес, көлемі 34 000 шаршы метрді құрайтын жолаушылар терминалының құрылысы екі кезеңнен тұрады, ол оның өткізу мүмкіндігін жылына 2,5  млн жолаушыға дейін арттырады. Ал, жүк терминалы базасында көлік логистикалық орталықпен бірлесе отырып әуе логистикалық хабы одан ары дамиды. Бірінші кезеңді жүзеге асыру мерзімі 2020 жылға дейін белгіленген.

Жалпы инвестиция көлемі 143 млн долларға бағаланып отыр. Қосымша 1000-нан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика