Адами капитал

Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері Иорданияда өткен Халықаралық жарыстағы тұңғыш кубогын жеңіп алды (ФОТО)

ІІ Король Абдулланың «KASOTC» арнайы операциялар оқу-жаттығу орталығында жыл сайынғы 7-ші «Warrior-2015» жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Әлемде 25 Сәуір, 14:34

Бес күн бойы барлығы 19 ел мен 43 команда жауынгерлері командалық 10 кезеңде және жеке біріншілікте сайысқа түсті.  Әр кезең бойынша жүлделі орынға ие болған топқа кубоктар табыс етілді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы бөлімшесі ең негізгі және күрделі «Королдік сынақ» кезеңінде үшінші орынға ие болды.

Бұл аталған жарыстағы қазақстандық команданың алған бірінші кубогы. «Бұл жүлде келесі топқа ынталандыру болады деп үміттенеміз. Біз жеңістің тәжірибеде шыңдалатынына тағы да куә болдық. Осы жерде біз өз кемшіліктеріміз бен артықшылықтарымызды байқадық. Алдағы уақытта біз кәсіби шеберлігімізді нығайтатын боламыз», - деп атап өтті қазақстандық әскери қызметшілер.

Осы жаттығу барысында команда 10 шақырым қашықтықты игеру, яғни қатысушылардың әрқайсысы мергендік және автоматты винтовкадан, пистолеттен, помполық қарудан және королдік топтамадағы пистолеттен нысананы бағындыруы тиіс болды. Аталған кезеңде арнайы мақсаттағы топ Қытай командасынан екінші атыс бойынша бірнеше балл жіберіп алды.

Жарыстың аяқталу рәсімінде «KASOTC» оқу-жаттығу орталығының бастығы бригада генералы С.Аль-Забен «Warrior жарысы» өзінің кеңістігін жылдан жылға кеңейткенін, ал сипаты бойынша жаттығулар ұрыс жағдайымен тең екендігін атап өтті.

Ендігі «Warrior» жарысы дәл бір жылдан кейін өткізілетінін айта кеткен жөн.   





Яндекс.Метрика