Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ШҚО әкімі «Қазақстанда жасалынған» акциясы барысын тексерді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Қазақстанда жасалынған» акциясының барысын тексеру мақсатында Өскемендегі ірі сауда орталықтарын аралады, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Сәуір , 13:07

Аймақ басшысының сапар барысында сауда үйлері әкімшілігінің жұмысына, олардың акцияға белсенді атсалысуына көңілі толды.

Айта кетерлік жайт, Шығыс Қазақстан облысы алғашқылардың бірі болып Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған «Қазақстанда жасалынған» акциясына қолдау көрсетті. Содан бастап, облыстағы барлық әмбебап дүкендерінде отандық тауралар сатылатын арнайы сөрелер пайда болды. Олардың ішінде «Багратион-2», «Эмиль», «Шығыс-Сүт», «Ас» шаруа қожалықтары және тағы  басқалар бар.

Естеріңізге сала кетейік, аймақтағы 3 мыңдай сауда нысандарында акцияның логотипі бар 5 мыңнан астам плакаттар мен стикерлер ілінді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика