Сайлау-2015

Президенттікке кандидат Ә.Құсайынов Тараз қаласындағы қан құю орталығының қызметкерлерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Тараз қаласында Қан орталығы қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жамбыл24 Сәуір , 20:13

Кездесу кезінде ҚР Президенттігіне кандидат сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын таныстырды. 

«Бүгінде әлемде экология саласында бірқатар мәселелер бар. Техникалық процесті дамыту және жер қойнауын тиімсіз пайдаланудың соңы жағымсыз жағдайға әкеліп соқты. Экологиялық жағдайдың бұзылуынан климат өзгеріп, табиғи тепе-теңдік бұзылды», - деп бастады өз баяндамасын Әбілғазы Құсайынов. 

Ең басты мәселе ретінде, ҚР Президенттігіне кандидат ормандардың жойылуы, жан-жануарларды қыру, топырақтың құнарсыздануы, теңіз, өзен-көлдердің, атмосфера мен ауаның ластануы сынды қазіргі заманның ең басты проблемаларын атап өтті. Мұның бәрі - адамның өндірістік өмірінен туындаған түйткілдер.

Мысал ретінде Ә.Құсайынов келесі деректерді келтірді: белсенді өнеркәсіптік қызметтен атмосфера құрамындағы көмір қышқылының концентрациясы үздіксіз артып отыр: 20 ғасырда ол 20 пайызға өсті. Соның кесірінен ғаламшардағы орташа температура деңгейі өсіп, өсімдік әлемінің тіршілігіне зиянын тигізуде, полярлік және құрлықтық мұздану қасиеті өзгеріске ұшырады - мұздықтар еріп, мұхит деңгейі көтерілді. 

Егер өнеркәсіптік өндіріс қарқыны осы деңгейде сақталатын болса, алдағы 20-30 жылда атмосфера құрамындағы көмірқышқылы екі еселенеді. Ондай жағдайда, аудандар, шөлейттер мен саванналар құрғақшылыққа ұшырайды. Жазық далалар да оның зардабын тартады. Оның егін шығымы 15-30 пайызға төмендейді. Аталмыш өзгерістердің бәрі ғаламшар үшін мүлде жағымсыз. 

Ә.Құсайыновтың пікірінше, адамзатты мына маңызды сұрақ мазалауы тиіс: жердің мұндай экожүйесі неге алып келуі мүмкін және басталып кеткен құлдырау процессіне қалай қарсы тұруға болады? 


«Адамзат табиғатқа деген көзқарасын өзгертуі керек. Табиғатқа қатысты тұтынушылық-технократиялық қарым-қатынасты қойып, онымен үйлесімді өмір сүруге ұмтылу қажет. Тек экономикалық даму жүйесін экологиялық мақсатта қайта өзгерткенде ғана қауіпсіз дамуға қол жеткізе алатынымызды естен шығармайық. Қоршаған ортаны аялай отырып, экологиялық таза технологияларға көшу арқылы экономиканы қайта түрлендіру дамудың басты шартына айналуы керек. 

Бұл жерде өндірісті экологияландыру бойынша бірқатар нақты іс-шараларды қолға алу қажет: табиғатқа зияны жоқ технологияларды игеру, жаңа жобаларды міндетті экологиялық сараптамадан өткізу, қауіпсіз технология жасап шығаруға жағдай жасау», - деген пікірімен бөлісті кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі Р.Жоламан.

«Табиғат ресурстарын тиімді әрі жоспарлы пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, табиғи ресурстарды тиімді тұтыну, қорғау және қалпына келтіру біздің ең негізгі міндетімізге айналуы керек», - деп атап өтті Ә.Құсайынов.

Халықаралық сарапшылардың мәліметтері бойынша, табиғат қорын тұтынудың қазіргі деңгейін ескеретін болсақ, көмір қоры 400 жылға жетеді, мұнай - 30 жылға, табиғи газ - 40 жылға. Әсіресе, мұнай қорының ұзаққа жетпейтінін еске салды кандидат. 

Осыған байланысты әлемдік энергобалансқа тиімді құрылымдық өзгерістер енгізіп, жаңа, пайдалы, қауіпсіз және қоршаған орта үшін зияны жоқ қуат көздерін іздестіру керек. Сол себепті қазіргі күні экологияны жеке үйің туралы ғылым ретінде қарастырған жөн. Өйткені, әлемде әрбір алтыншы адам денсаулық үшін қауіпті әрі жағымсыз жағдайда өмір сүреді. 

«Біз экология туралы білімді, қауіпсіз әрі экологилық таза ортада өмір сүру қағидаларын, табиғат пен адамзатты қоршаған айнала туралы білімді қоғам санасына сіңіре білуіміз керек.


Экология мен табиғатты қорғау жұмыстарында азаматтық белсенділікті арттыру маңызды. Әр адам сау табиғат пен қолайлы қоршаған орта ғана адамзат өмірі мен болашағының кепілі бола алатынын сезінуі қажет», - деді Ә.Құсайынов. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика