Сайлау-2015

ҚКХП атынан ҚР Президенттігіне кандидат Астанадағы Қазақ драма театрында сайлаушылармен кездесті

Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов Астана қаласында Қазақ драма театрында сайлаушылармен кездесу өткізді, деп хабарлады сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Сәуір , 20:01

Кандидат Тұрғын Сыздықовтың жұмыскерлермен кездесуіндегі басты тақырып, жалпы адамдық құндылықтарға арналған.

Т.Сыздықов айтқандай, бүгін адами құндылықтар қатарында бірінші кезекте халықтардың бейбіт өмір сүруі мен интернационализм болып табылады. Олар бейбітшілік пен өркендеудің кепілі.

Әлем халықтары тұрақтылық пен өркендеуді сақтаудың маңызын түсінеді, ол үшін шыдамдылық пен төзімділік идеяларын алға тарту қажет.

Жер бетіндегі бейбітшілікке қол жеткізудің шарты – барлық мемлекеттердің бейбіт ынтымақтастығы екендігі дау тудырмайды.

Қазір біз бейбіт өмір сүрудеміз, ол бірінші кезекте біздің тарихи қонақжайлығымызбен, мейірбандығымыз және ізгілігімізбен байланысты. Бұл біздің дәстүрлеріміз.

«Қазіргі формациядағы марксизм-ленинизм біздің партияның негізі болып табылады. Марксизмнің ғылыми негізделген идеялары өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ және біз оларды алға тарту бағытындағы қызметті жалғастырамыз», - деді кандидат.

«Батыс қоғамы шынайы және жалған құндылықтардың күресі, өнегелік дәстүрлер мен адамгершілік қағидаларының девальвациялануы жағдайында өмір сүріп келеді.

Осындай үрдістер әлеуметтік дамуда ауыр зардаптарға соқтырады», - деп Т.Сыздықов ойымен бөлісті.

Т.Сыздықовтың пікірінше, батыстық мінез-құлық адамгершілік, жанындағыларға көмек көрсету және мейірбандық қасиеттерінен арылған ақылсыз азаматтарды тәрбиелейді. Мысалға, осындай отбасыларда біртіндеп отбасылық-туыстық қатынастар жойылып, рулық дәстүрлердің мирастығы үзіледі.

«Жаңа ұрпаққа өмір берген ата-аналарды құрметтеу қасиеті де жат болып кетті.

Терең индивидуализм мен әлеуметтік жалғыздыққа ұмтылыс батыс қоғамы өкілдеріне жастайынан тәрбиеленеді. Кәмелет жасына жеткеннен кейін батыс жастары ата-анасының үйінен кетіп, жеке өмірін ұйымдастыру қамын шегеді. Осылайша, ұрпақтардың бір-бірімен байланыстары үзіліп, рухани-адамгершілік вакуум пайда болған.

Батыс қоғамында сәттілік теориясы бекер енгізілмеген. Барлық іс-қимылдар кез-келген әдістер арқылы сәттілікке жетуге итермелейді. Жеңілістің барлығы орны толтырылмайтын зиян ретінде есептеліп, адамды бір сатыға төмендетеді.

Осындай қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтары шетте қалады, олар қажет емес, - деді Т.Сыздықов.

Кездесу соңында президенттікке кандидат Т.Сыздықов қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 




Яндекс.Метрика