Сайлау-2015

Қазақстанда «үнсіздік күні» басталды

Бүгін Президент сайлауы науқанының «үнсіздік күні» басталды.
Астана қаласы25 Сәуір , 10:01

Конституциялық заңның 27-ші бабының 2-ші тармағы бойынша үгіт-насихат жұмыстары жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады, яғни сайлауға бір күн қалғанда 2015 жылдың 24-сәуірі күнгі сағат 00.00-де.

Сайлау күні немесе оған бір күн қалғанда үгіт-насихаттың кез-келген түріне тыйым салынады (Конституциялық заңының 32 бабы).

Бұл ретте бұрын ілінген сайлау комиссиялары мен дауыс беру ғимараттарындағы материалдар баспасөз және үгіт материалдары сол қалпында қала береді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 26-сәуірге тағайындалған. Дауыс беру 26-сәуір күні таңғы 7.00-ден  кешкі 20-00-ге дейін жалғасады.   

 

 




Яндекс.Метрика