Үкімет

ҚР Президенті бірқатар елдердің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшілерін тағайындады

ҚР Президенті Нұрслтан Назарбаев бірқатар елдердің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшілерін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Сәуір , 18:56

Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Ирландиядағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Төлеубекұлы Есенбаев Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы  Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика