Сайлау-2015

ҚР ОСК төрағасы Украинадан келген байқаушылармен кездесті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Украина Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Михаил Охендовскиймен кездесті, деп хабарлады ОСК-ның баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Сәуір , 18:49

Кездесуге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т.В. Охлопкова, сондай-ақ Украина Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының кеңесшісі В.В. Пироженко қатысты.

Ортсайлауком Басшысы делегация мүшелерін Орталық сайлау комиссиясының  президенттік сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі қызметімен таныстырып, сайлау науқанының ерекшеліктері, дауыс беру күніне дайындық барысы туралы айтып берді.

«Бүгін 24.00 сағатта кандидаттардың үгіт науқаны аяқталады. Ол белсенді, заң бұзушылықтарсыз өтіп жатыр. 25 сәуірде сайлаушылар сырттан ықпалсыз өзінің алдағы таңдауын біржола пайымдап, олардың ішіндегі  осы уақытта өзінің мекенжайын өзгертетіндердің 18.00 сағатқа дейін дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға мүмкіндік беретін «тыныштық күні» басталады», - деді Қ. Тұрғанқұлов.

Украина Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Республикадағы шешуші күн қарсаңындағы сайлау ұйымдастырушылардың сайлау науқанына жақсы дайындалғанын куәландыратын бірқалыпты жағдайды атап өтті, сондай-ақ байқаушы ретінде шақыруға алғысын білдіріп, дауыс беру күні игілікті, жұмыс ахуалын тіледі.




Яндекс.Метрика