Сайлау-2015

ҚР ОСК төрағасының орынбасары В. Фоос Корея мен Грузия республикаларынан келген делегациямен кездесті

2015 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В. Фоос екі кездесу өткізді: Корея Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясының өкілдерімен және Грузия Орталық сайлау комиссиясының делегациясымен, деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Сәуір , 17:57

Корея тарапынан кездесуге ҰСК-ның Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Парк Кван-Сеоб және ҰСК-ның бас консультанты Ким Чжон Су қатысты.

Кездесуге Грузия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының атынан Грузия ОСК мүшелері Д. Джавахадзе мен Г. Чикаберидзе қатысты.

Владимир Фоос халықаралық байқаушыларды еліміздің сайлау заңнамасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының  кезектен тыс президенттік сайлауды әзірлеу жөніндегі жұмысымен таныстырды, ол сонымен қатар «Қазақстанға бұл сайлауға бұған дейін СІМ ұсынуымен аккредиттелген мыңнан астам халықаралық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілдері келеді, олардың ішінде үш халықаралық Миссия мен 37 шет мемлекеттен байқаушылар бар.

Сайлау процесін байқау, сонымен қатар қоғамға БАҚ арқылы уақтылы толық ақпарат беру транспаренттікті қамтамасыз етіп, дауыс беру нәтижелеріне сенімді арттырады.  

ҚР ОСК жүргізетін мониторинг нәтижелері еліміздің сайлау заңнамасының Президенттікке кандидаттардың БАҚ-қа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы талаптарының сақталғанын көрсетеді», - деді.

Бұдан әрі В. Фоос делегациялар мүшелерінің Қазақстан Республикасындағы заңнамалық база мен сайлауды өткізу тәжірибесіне қатысты, үгіт науқанының барысы мен кандидаттардың белсенділігі туралы, сондай-ақ Ортсайлаукомның БАҚ-пен электораттық кезеңде халықты ақпараттандыру бөлігіндегі ынтымақтастығы  туралы сұрақтарына жауап берді.

Соңында кездесуге қатысушылар сайлау науқанының өркениетті және орынды өтіп жатқанын,  бұл – жақсы ұйымдастырылған дайындық пен Қазақстанның ашық, айқын және демократиялық сайлауды өткізуге талпынысы туралы куәландыратынын атап өтті.

 




Яндекс.Метрика