Ұлтаралық бірлік

Қазақстан халқы Ассамблеясы дамудың жаңа деңгейіне көтерілді – Л.НИ

Қазақстан халқы Ассамблеясы дамудың жаңа деңгейіне шықты, деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Любовь Ни Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы24 Сәуір , 16:52

«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы «Бір ел-бір – тағдыр» тақырыбында өтті. ҚХА қызмет еткен жылдар ішінде Президент нақты идеяларды ұсынды. Алғашқы жылдарда «Біз бірге болғанда, жолымыз сәтті болады»,-дедік. Ол қиын да күрделі кезеңдер болатын. Екінші кезеңде «Бір ел-бір отбасы» деп ұрандаттық. Осылайша біз бір халық болдық»,-деді Любовь Ни.   

Оның сөзінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының кешегі сессиясы жаңа деңгейге шықты, ендігі ұран «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» болады.  

«ҚХА XXII сессиясы этникаарлық төзімділік пен келісімнің көпұлтты мемлекеттегі үлгі ретінде біздің елімізде өзінің өміршеңдігін көрсетті. Бұл біздің Президентіміздің идеясы болатын»,-деді ол.  

Естеріңізге сала кетейік, Президент «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» жалпыхалықтық акциясының негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасын дайындау жөнінде бастама көтерді.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика