Сайлау-2015

Қазақстанның 2 мыңға жуық кәсіпорындары «Әбір азаматтың дауысы маңызды!» акциясына қатысты

«Әбір азаматтың дауысы маңызды!» республикалық акциясына 1 мың 850 қазақстандық кәсіпорын қатысты, деп хабарлайды ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері.
Астана қаласы24 Сәуір , 20:43

ҰКП акциясын 1 мың 850 қазақстандық кәсіпорын өкілдері қолдады. 1 мың 500 кафе, мейрамхана, сауда орталықтары, сән салондары, банк бөлімшелері, жоғары оқу орындары өздерінің қызмет ететін аймақтарында 10 күнтізбе іліп, олар келушілерді алдағы келе жатқан сайлауды естеріне салып отырды.  

Палата өкілдерінің хабарлауынша, бұл шарадан отандық тауар өндірушілер де тыс қалған жоқ. Мысалы нан, мен на өнімдері, ұн өнімдерін, сүт өнімдерін шығаратын 350 кәсіпорын өкілдері акцияны қолдау мақсатында өздерінің тауарларына «Әрбір азаматтың даусы маңызды» деген белгілер жапсырды.  

«Бұл ретте аталған кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтардың саны 70 мыңнан асатындығын атап өту керек. Біз сонымен қатар біздің акциямызды ерекше белсенді қолдаған үздік 25 кәсіпорынды да анықтадық»,-деді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

Акцияның ауқымына байланысты айта келе, оны жүзеге асыру барысында, яғни 26-наурыз бен 24- сәуір аралығында Қазақстан бойынша 300 мың отбасы қамтылғандығын және 80 билбордтың ілінгендігін атап өту керек. Бибордтардың басым бөлігі халық ең шоғырланған Алматы қаласы мен облысында және Маңғыстау облысында ілінді. 

Аталмыш акцияны алда келе жатқан Президент сайлауына дейін сайлаушылардың дауыс беруге деген белсенділігін арттыру мен қазақстандық электоратты еліміздің өміріндегі маңызды науқан сайлауға деген назарын аудару мақсатында «Атамекен» ҰКП ұйымдастырды. 

 

 

 




Яндекс.Метрика