Сайлау-2015

ТМД-дан бақылаушылар рекордтық көлемде ұсынылды – Лебедев

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Атқарушы комитет төрағасы – ТМД-ның атқарушы хатшысы Сергея Лебедевты қабылдады, ол Қазақстанға ТМД-дан бақылаушылар миссиясын бастап келген, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 24 Сәуір, 19:18

Қ.Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы атынан келген халықаралық бақылаушылардың Қазақстан Респубикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы тиянақты жұмысы үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде С.Лебедев, бақылаушылар үшін жасалған қолайлы жағдайлар үшін алғысын білдіріп, халықаралық бақылаушылардың президенттік сайлауға үлкен қызығушылығын білдірді. ТМД-дан миссия құрамына  8 мемлекеттен 410 бақылаушы ұсынылған.

ТМД-ның атқарушы хатшысы атап өткендей, ТМД-дан келген бақылаушылар президенттік сайлауды қазақстандық заңнамасы аясында бақылайтын болады. 





Яндекс.Метрика