Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда жүрекке ота жасау үшін арнайы медициналық техника өндіріледі (ФОТО)

Назарбаев университетінің техникалық паркі негізінде жүрекке инвазивті ота жасау үшін медициналық құралдар сатып алынады, деп хабарлады «Назарбаев Университеті» АББҰ инновация бойынша вице президенті Қанат Байғарин ОКҚ-дағы брифингте.
Астана қаласы 24 Сәуір, 16:29

«Біз өзімізді қазір ірі жобаларға дайынбыз деп есептейміз. Бұған дейін ілкі жобаларды жүзеге асырып келгенбіз. Ірі жобалардың бірі – біз жүрекке ота жасайтын арнайы медициналық техника өндіру жобасын бастаймыз. Атап айтар болсақ, олар инвазивті оталар. Ол үшін біз америкалық бірегей өнертапқышпен серіктестік орнаттық», - деді Қ.Байғарин.

Бұл жоба толыққанды ағымдағы жылдың ортасында жұмыс істей бастайды. Оның үстіне бұл құралмен ота жасау он есе арзан болмақ.

«Біз бұл құралды тек Қазақстан үшін емес, сонымен қатар көрші елдеріміздегі ауруханалар мен емханалар үшін өндіреміз. Дәлірек айтсақ, Ресей, Орталық Азия және басқалар үшін. Менің ойымша бұл Қазақстанның тұрғындары үшін үлкен көмек болмақ», - деп атап өтті вице-президент.

Камила Амирова





Дерекнама

Яндекс.Метрика