Ұлтаралық бірлік

Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің басты мақтанышына айналды – О.Дымов

Қазақстан халқы Ассамбллеясы Қазақстанның мақтанышына, халықаралық брендіне айналды, деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Олег Дымов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы24 Сәуір , 16:23

«Өзі өмір сүрген 20 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этникааралық проблемаларды үйлестіруші органға айналды. Ол еліміздің мақтанышына, халықаралық брендке айналды. Ол Елбасының ерекше бастамасы, ең үздік саяси жоба. Бүгінгі таңда Қазақстанның тәжірибесі көптеген елдерде зерделенуде»,-деді ҚХА төрағасының орынбасары.

О.Дымовтың сөзінше, ҚХА арқасында елімізде 100-ге жуық ұлттық мектеп бар, онда балалар өздерінің туған тілдерін үйренуде. Мұндай мектептер Достық үйлері мен ұлттық мәдени бірлестіктерде да бар, ақпараттық кеңістік кеңейіп, 30-дан астам ұлттық газеттер пайда болды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХА XXII сессиясында Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары лауазымына болгар ұлттық-мәдени бірлестігінің төрағасы Олег Дымов пен республикалық этономәдени бірлестіктердің атынан Любовь Ниді тағайындайтындығын жеткізді.  

Ботагоз Айтжанова           

 




Яндекс.Метрика