Адами капитал

Семейде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 70 жылдығы мерейтойлық медальдарымен марапатталды (ФОТО)

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты бөлімдердің және Семей гарнизоны әскери полиция жасағының әскери қызметшілері ҰОС ардагерлері Михаил Червинский мен Исағали Топатаевқа наградаларды табыс етті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Шығыс Қазақстан 24 Сәуір, 17:42

«Біздің ержүрек отандастарымызды медальдармен марапаттау үлкен құрмет. Сіздер – шексіз ерлік пен қаһармандықтың үлгісі болған нағыз батырсыздар. Осы орайда сіздердің ұрпақтарыңыз келешегіміз үшін жасаған көзсіз қаһармандықтарыңызға бас иеді», - деді 28738 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Игорь Тихоненко.

Аталған іс-шараға қатыспаған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Семей гарнизонына қарасты бөлім командирлері мерейтойлық медалдарды үйлеріне барып табыс етті.

Салтанатты рәсім семейлік шығармашылық ұжымның концертімен жалғасты. Концерттен кейін әскери қызметшілер, студенттер мен мектеп оқушылары ҰОС ардагерлерімен бірге қазақстандықтардың даңқты ерлігі туралы өсіп келе жатқан ұрпақтың есіне салатын,Жеңістің символы болып табылатын қалалық Жеңіс саябағындағы Мәңгі алауға гүл шоқтарын қойды. Іс-шараның соңында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының барлық батырларының құрметіне үш мәрте салют атты.

Естеріңізге сала кетейік Жеңіс күні қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңісің 70 жылдығы» мерейтойына арналған медальдарды табыс етуге арналған салтанатты рәсімдер басталды. 





Яндекс.Метрика