Адами капитал

ҚР ҚК әскери қызметшілері терроизмге қарсы даярлық курсын бастады (ФОТО)

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қазіргі уақытта Қырғыз Республикасында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің арнайы мақсаттағы күштерінің бірлескен жаттығуларына қатысуда.
Әлемде 25 Сәуір, 11:37

«Шаян» бригадасының оқу-жаттығу полигонында әскери қызметшілер терроризмге қарсы бірнеше жаттығулардың, оның ішінде ғимарат ішіндегі қарсыласты қамауға алу, жарылғыш зарядты қою, оқ атуды қолдау тобы құрамында іс-қимыл жасау, шабуыл және қамтамасыз ету бойынша даярлық курсынан өтті.

Сонымен бірге Қазақстанның, Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының, Қытай және Тәжік Ресупбликасының арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлері Шамси шатқалында таулы жабдықтардың көмегімен аспалы өткелдерден өтуді, тау бөктерін меңгеруді, тауға шығу және өрлеу жаттығуларын пысықтады.

Бұдан өзге ұлтаралық топтар құрамында олар заңсыз қаруланған топтың автокөлікке жасаған шабуылы кезіндегі іс-қимыл алгоритмін қайталады.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғыз Республикасының «Шаян» бригадасының базасында ШЫҰ мүше мемлекеттер Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімдері бірлескен жаттығулар өткізуде. Оқу-жаттығу төрт күнге созылмақ. Осы уақыт ішінде әскери қызметшілер Шамси шатқалының таулы аймақтарында заңсыз құрылған банданы қамауға алу және жою бойынша бірге іс-қимылды және биік тау жабдықтарымен жұмыс түрлерін пысықтайды.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика