Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбеде әйел-кәсіпкерлеріне арналған семинар өтті

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Зере» қонақүй-мейрамхана кешенінің конференц-залында әйел-кәсіпкерлеріне арналған «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын өзектендіру, бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы» атты тақырыпта семинар өтті.
Ақтөбе25 Сәуір , 15:51

Спикерлер қатарында «ДАМУ» КДҚ» АҚ АФ басты менеджері А.Байдәулетова, Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясының Президенті Р.Сәрсембаева, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және Даму Банкінің шағын бизнесті қолдау тобы жобасының менеджері А. Оразбаев сөз сөйледі. Сонымен қатар, А.Байдәулетова бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасының жаңа мүмкіндіктері туралы презентация өткізді.

«Той-Дастархан» кондитерлік цехының басшысы, «БЖК 2020» Бағдарламасының қатысушысы Жакупова Шара Бизнестің жол картасы мемлекеттік бағдарламасына қатысу арқылы табысты бизнесімен бөлісті.   Ал, Р.Сәрсембаева әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін іске асыру бойынша семинар-тренинг өткізді, одан кейін қатысушылар топ болып бизнес идеяларын «ой-талқы» іскер ойнымен ұштастырды.

Қатысушыларға шараға қатысқандары туралы сертификаттар ұсынылды.




Яндекс.Метрика