Ұлттың денсаулығы

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті 2015 жылғы І тоқсанда 23,5 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетті

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (ДСӘДМ) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері 2015 жылғы І тоқсанда медициналық қызмет саласында 20797 мемлекеттік қызмет және фармацевтикалық қызмет саласында 2734 мемлекеттік қызмет көрсетті, деп хабарлады министрліктен.
Казахстан24 Сәуір , 19:33

Оның ішінде Комитеттің аумақтық департаменттері біліктілік санаты берілмейтін мамандар сертификатын беруде 12649 қызмет, біліктілік санатын бере отырып, 8134 қызмет көрсетті.   

Ағымдағы жылғы І тоқсанда Комитет сот-нашақорлық, сот-психиатриялық сарапшыларға 5 аттестациялық куәлік, сот сараптамасының белгілі түрлерін көрсету құқығын беретін 7 біліктілік куәлігін тапсырды.   

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтердің барлығы «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта көрсетілді. 

Комитет туыстық емес транплантация жасау мақсатында оларды тасымалдау қажет жағдайда гемопоэтикалық тін жасушаларын, кемік майын, сондай-ақ, жасушалар, тіндер, биологиялық сұйықтықтар мен құпиялар, оның ішінде диагностикалық мақсатқа арналған немесе биомедициналық зеттеулер өткізу барысында алынған адамның өмірлік іс-әрекеті өнімдерін, физиологиялық және патологиялық бөлінетін заттарды, жағындыларды, қырындыларды, шайындыларды Қазақстанға әкелуге және республикадан шығаруға 2 қорытынды (рұқсаттама құжаттарын) берді.   

Сонымен қатар, Қазақстанда тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникаларды әкелуге (әкетуге) 1997 хат пен қорытындылар берілді, 735 түрлі дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техникалар тіркеліп, клиникалық және (немесе) фармокологиялық сынақтар өткізуге 2 рұқсаттама берілді.  

Барлық қызметтер медициналық және фармацевтикалық қызмет салаларындағы мемлекеттік қызмет стандарттарымен бекітілген мерзім ішінде көрсетілді. 




Яндекс.Метрика