Өңірлер

Ақтөбе облысында бірінші тоқсанда 236,2 млрд теңгенің өндірістік өнімі өндірілді

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймақтың 2015 жылғы бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және жылу маусымының қорытындыларына арналған кеңес өткізді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе25 Сәуір , 11:06

«Аталған мерзімде өнеркәсіп саласында 236,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл — жақсы көрсеткіш. Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі тау-кен өндірісінің үлесі 65,9 пайыз болып отыр. Тау-кен өндірісінде нақты көлем индексі — 104,1 пайыз. «СНПС — Ақтөбемұнайгаз» АҚ газ өндіруді 45,3 пайызға, ал «Восход Ориел» компаниясы хром кенін өндіруді 41,4 пайызға арттырған», - делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, аталған мерзімде облыс экономикасына 40,8 млрд. теңге инвестиция тартылған, бұл орайда облыстың алты ауданы бойынша көрсеткіштер жоғарылап отыр.

Биылғы жылы 480 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары.

Ауыл шаруашылығы саласына келсек, жалпы өнім көлемі көрсеткіші жөнінен облысымыз республикада 4-орында тұр. Жалпы, 17,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

Экономикалық өсімге тауар айналымы мен жүк айналымы көрсеткіштерінің үлкен әсері бар. Жыл басынан бері облысымызда бөлшек тауар айналымы 1,7 пайызға (77 млрд. теңге), жүк айналымы 0,9 пайызға өскен.

Кіші және орта бизнесте 127,7 мың адам жұмыс істеп жүр. Бұл былтырғы осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда, 103,7 пайызды құрайды.

 




Яндекс.Метрика