Адами капитал

Ақмола облысында судың деңгейіне мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда

Ақмола облысының су тоспаларына тұрақты мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды ІІМ ТЖ комитетінің ақпараттандыру және оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов су тасқыны мен апаттан-құтқару шараларына байланысты өткен баспасөз-мәслихатында.
Ақмола24 Сәуір , 13:24

«Ақмола облысында су тоспаларының жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Құтқару құрамдарының күштері мен құралдары жоғары дайындық деңгейінде»,-деді Р.Иманқұлов.

Ведомствоның хабарлауынша, Целиноград ауданының Ағанас ауылында тұрғындарды тасымалдау мен азық-түлік жеткізу жалғасуда.

«Талапкер ауылында ағын суларды ағызу жұмыстары жалғасуда, 6 мың 980 текше метр су тартылды. Оразақ ауылында инертті материалдарды төгу мен олардың көмегімен қажетті аймақтарды көмкеру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша тағы 275 инертті материалдар жеткізілді. Инертті материалдар салынған қаптарды дайындау жұмыстары жүргізілуде, осы уақытта 2 мың 170 қап дайын. Су тасқынымен күрес жұмыстарына 116 адам, 11 дана техника мен 2 қайық пен құтқару бөлімдері, ұлтық гвардия мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылуда»,-деді бөлім бастығы.

Зақым келген аймақтарға арнайы белгілер қойылып, су тасып жатқан аймақтардың бойына да белгілер орнатылды. Кезекшілік ұйымдастырылған.

Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері су тасқыны сейіліп, аймақтарда су тартыла бастағандығын айтуда, яғни жағдай тұрақтана бастады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика