Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда ғылыми жобаларды комерциялизациялауға жол ашу керек – Қ.Байғарин

Қазақстанда ғылыми жобаларды комерциялизациялау үшін тиісті жағдайлар қалыптастыру керек, дейді «Назарбаев университетінің» Инновациялар жөніндегі вице-президенті.
Астана қаласы24 Сәуір , 13:19

«Қазақстанның нарығы әрине, ғылымисыйымды өнімдер үшін шағымдау. Мемлекет тарапынан жасалып отырған инфрақұрылым мен өзге де жағдайлар, Кедендік одақ, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, ғылымисыйымды жобаларды жүзеге асыруға бағытталған қосымша мүмкіндіктері»,-деді Қ.Байғарин.

Оның сөзінше, Қазақстанда ғылыми жобаларды комерциялизациялау үшін тиісті жағдайлар қалыптастыру керек. «Назарбаев университетінде ғылыми жобалар бар және біз оларды көрсетіп отырмыз. Ендігі қадам оларды енгізуге бағытталуы тиіс. Мұндай шарттарды әдетте мемлекет қалыптастырады әсіресе бастапқы кезеңде»,-деді вице-президент.

Бүгінгі таңда Назарбаев универсиетінде 200-ге жуық ғылыми жобалар жүзеге асырылуда. «Біз оларды жүзеге асыру мен коммерциализациялау тұрғысынан қарап отырмыз. Мұндай жобалар алғашқы іріктеу кезінде 30-35 болатын. Қайтара таңдаған кезде комиссия мүшелері 17 жобаны қалдырды. Сыртқы сараптау жұмыстарынан соң 7 жобаны біз ілкі технопаркінде жүзеге асыра бастадық»,-деді Қ.Байғарин.      

«Тағы бір маңызды жобаны біз биылғы жылдан бастадық. 150 гектарға жуық жер ғылыми баққа бөлінді. Ғылыми бақ дегеніміз тек Назарбаев университетінің жобалары жүзеге асырылатын аумақ қана емес, онда елімізге тиімді халықаралық деңгейдегі ірі жобалар да жүзеге асырыла береді. Ғылыми бақ нақты бизнесті Назарбаев университетінің академиялық және ғылыми ортасымен байланыстыратын болады»,-деді ол.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаев ғылыми жобаларды коммерциализациялау туралы заң 2015 жылдың соңында қыбалданатындығын айтқан.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика