Адамзаттық капитал

Ақтөбеде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мерекелік медальдармен марапатталуда

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №992 «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен марапаттау туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбеде Ұлы Жеңіске үлес қосқан ардагерлерді салтанатты марапаттау өтуде, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе24 Сәуір , 16:08

Марапатталатындар тізімінде 5438 адам, оның ішінде 130 Ұлы Отан соғысына қатысушы бар. Екі күн бойына қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, әкімнің кеңесшісі және қалалық мемлекеттік мекемелер басшылары соғыс ардагерлеріне тұрғылықты жеріне барып, медальдар тапсыратын болады.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева Ұлы Отан соғысының ардагерлері Гнучий Иван Иванович пен Еналиев Исмаил Исханұлының үйлеріне барды. А.Арынғазиева ардагерлерді келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтап, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медалін берді және зор денсаулық, сергектік, көтеріңкі көңіл-күй тілеп, сыйлықтар тапсырды. Одан басқа, екі ардагер де 9 мамырды жөнделінген пәтерлерде қарсы алуға дайындалуда.

Белгілі болғандай, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеу қарсаңында қаламызда «Ардағым ардагерім» атты акция аясында тұрғын үйі жөндеуді қажет ететін 76 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектерінің үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Қайырымдылық акция барысында жөндеу жұмыстарын жүргізуге демеушілік қаржы есебінен 27 млн. 825 мың теңге жұмсалады.

Осы қайырымдылық акциясы аясында «Рокос ЛТД» ЖШС Гнучий Иван Ивановичтің пәтеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.Жөндеу барысында пәтердің төбесі жөнделіп, есіктер, терезелер, тұсқағаздар, линолеум ауыстырылды. Бөлмелерге және ас бөлмесіне аспа шамдар орнатылды, сыртқы есік жаңаға ауыстырылып, қонақ бөлмеге ауа баптағыш орнатылды. Осы мақсатқа «Рокос ЛТД» ЖШС 600 мың теңге қаражат бөлді.

Бұдан басқа, Осы қайырымдылық акциясы аясында «КазНефтеГазЭкспорт» ЖШС Ұлы Отан соғысының ардагері Еналиев Исмаил Исханұлының пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жөндеу барысында пәтердің лоджиясы әйнектеліп, жөнделді, төбесі жөнделіп, есіктер, терезелер, тұсқағаздар, линолеум ауыстырылды. Сонымен қатар екі дәліз бөлмесіне, жатын бөлмесіне, әжетхана және жуынатын бөлмелерге аспа шамдар орнатылды. Осы мақсатқа «КазНефтеГазЭкспорт» ЖШ 1 млн. теңге қаражат бөлді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика