Адамзаттық капитал

Қарағанды облысында ағын сулардың келуі тоқтады – ТЖК

Қарағанды облысында Киевка-Жарасбай елді мекендері арқылы өтетін автожолға ағын сулардың келуі тоқтады, деді ІІМ ТЖ комитетінің ақпараттандыру және оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов су тасқыны мен апаттан-құтқару шараларына байланысты өткен баспасөз-мәслихатында.
Қарағанды24 Сәуір , 12:45

«Қарағанды облысында судың деңгейін бақылау бағытында тәуліктік кезекшіліктер тоқтаған жоқ. Қарағанды облысының  ТЖД жедел-құтқару отрядының қызметкерлері тұрғындарды қайықпен алып өту жұмыстарын жалғастыруда және Қараой ауылына гуманитарлық көмектер жеткізілуде»,-деді Р.Иманқұлов.

Оның сөзінше, Ақтоғай ауданына қарасты Қарасу ауылында судың деңгейі төмендеп келеді.

«Бұқар жырау ауданына қарасты Ғ.Мұстафин ауылы мен Нұра ауданына қарасты Тассуат ауылының 397 тұрғыны әлі көшірілген аймақтан қайтқан жоқ. Елді мекендерде суды ағызу, тарту жұмыстары жалғасуда. Киевка-Жарасбай ауылдары арқылы өтетін автожолға ағын судың келуі тоқтатды. Жолдың бетін жөндеу жұмыстары жалғасуда»,-деді бөлім бастығы.  

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 15 сәуірінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев аймақтардағы  су тасқыны мен апаттан-құтқару жұмыстарына байланысты селектеорлық мәжіліс өткізіп, онда осы бағыттағы жұмыстарға үкімет бюджетінен 1 миллиард теңге бөлінетіндігі айтылды. Оған су тасқынының зардаптарымен күрес жұмыстарынан басқа тұрғындарға алғашқы көмек көрсету шаралары да қарастырылған.  

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика