Адами капитал

Елімізде су тасқыны орын алған аймақтардың 14 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне қайта оралды

Су тасқыны басталғалы бері 14 631 тұрғын өз үйлеріне қайта оралды, деп хабарлады ҚР ТЖК Халықты ақпараттандыру және оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов өңірлерде қалыптасқан су тасқыны жағдайы және жүргізіліп жатқан апаттан-құтқару жұмыстары туралы брифинг барысында.
Казахстан24 Сәуір , 12:28

«Қазіргі таңда 2 436 үй су астында қалды, суды сорып алу жұмыстарының нәтижесінде 2 288 үй су құрсауынан шықты. Су тасқыны басталғалы бері 16 200 эвакуацияланғандардың 14 631 тұрғыны өз үйлеріне қайтып келді. Эвакуациялау пунктеріне 499 адам орналастырылған, ал 1070 адам өз туыстарында», - деді Р.Иманқұлов.

Ведомствоның мәліметі бойынша, республика бойынша 122 және су тасқыны салдарынан құртылған 172 автомобиль жолдары  қалпына келтірілді.

«Бірлескен күштердің арқасында  23 138 метр уақытша дамба көтерілді, 484 878 текше метр су сорып алынды, 97 217 қаптар қаланды», - деп жалғастырды  Р.Иманқұлов.

Жалпы, апаттан-құтқару жұмыстарына 6 108 адам, 1 628 дана техника, 115 суды сорып алу құрылғысы мен 99 жүзу құралдары тартылған.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика