Инфрақұрылымның дамуы

Маңғыстау облысынды жылдың соңына дейін 12 балабақша мен 3 мектеп пайдалануға беріледі

Маңғыстау облысында жылдың соңына дейін 12 балабақша мен 3 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды әкімдік.
Маңғыстау24 Сәуір , 15:08

2014 жылы Ақтау қаласында 4 балабақшаның құрылысы басталды. Олардың үшеуі «NCOC» (Международный консорциум North Caspian Operating Company трансұлттық консорциумының есебінен салынды.  Тағы 4 балабақша республикалық бюджеттің есебінен салынуда. Олардың арасында 280 орындық балабақша Жаңаөзен қаласында, Мұнайлы ауданының Бостандық ауылында, Форт-Шевченко қаласы мен Қарақия ауданының Қызылөзен ауылында салынады. Сонымен қатар, тағы 3 мектеп пайдалануға беріледі. 1 мың 200 мектеп Мұнайлы ауданының Бостандық ауылында және 900 орындық екі мектеп Қарақия ауданында бой көтереді. Аталмыш нысандар 1-қыркүйекте  пайдалануға беріледі.     

«2015 жылы Ұлттық қордан 800 миллион теңге бөлінеді. Аталмыш қаржыға Бейнеу ауданының Мұнайшы ауылында орта мектептің және Қарақия ауданының Жетібай ауылында бір балабақшаның құрылысы басталады. Бұған қоса, Маңғыстау ауданында 140 орындық 2 мектептің құрылысы басталады. Бүгінгі таңда конкурс жарияланып,  мамыр айында жеңімпаз аяқталып құрылыс басталады»,-делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика