Қалаларға шоғырлану

А. Есімов: Алматы үшін мегаполистен жырақ жатқан елді мекендер контрмагниттер болуы тиіс

Алматының сәулет-жобалау қауымдастық өкілдері Ахметжан Есімовке 2030 жылға дейінгі қала құрылысы Бас жоспарының кезеңаралық Концепциясын таныстырды.
Алматы қаласы24 Сәуір , 15:23

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ұсынылған жобалар Алматы аумағының кеңеюіне байланысты Бас жоспарға түзетулер енгізілген. Жобаларды жасаушылар қоғамдық және жедел көлік түрлері, магистральді жолдары, абаттандарылған көшелері бар контрмагниттер болып табылатын тиімді қалаларды құру мәселесін шешудің әдістерін ұсынды.

Қала басшысы атап өткендей, ерекше қала құрылысы аймақтарының Бас жоспарды ескере отырып жасалуы әрі Алматыдан жырақ орналасқан Қапшағай, Шелек, Есік, Ұзынағаш контрмагнитті қалалар болуы тиіс.

«Кейбір контрмагниттер қызыл сызықтан шығып, қалаға қосылып кеткен. Сондықтан Бас жоспарда қаладан жырақ жатқан контрмагниттердің ескерілуі тиіс екендігі міндет етіп қойылған. Қаламен бірге Алматы облыстық әкімдігіне де бұл мәселелерді барынша жіті қарау ұсынылады. Өйткені, бұл жерлерде құрылыс келеңсіз жүріп жатыр, оларды тоқтатып, аталған елді мекендердің бас жоспарларын қарап шыққан жөн, өйткені олар ескерілмейді», - деді Ахметжан Есімов.

Шара соңында Алматы әкімі сәулетшілерге жобаларды айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді ескере отырып, қайта толықтырып жасауды тапсырды.

Бұдан басқа,  қала басшысына 2015-2020 жылдарға арналған «Ескі үй» мекенді инвестициялық бағдарламасының алдын-ала жасалған жобасы да көрсетілді.Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың ақпан айында «Алматы қаласы аумағында 2012-2015 жылдары ескі үйлерді сүру» қалалық бағдарламасы бекітілген болатын. Атап өтерлік жайт, бұл жоба өзін тұрғын үй қорын модернизациялаудың тиімді әдісі ретінде көрсете білді, сондықтан бұл жобаны одан әрі жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика