Сайлау-2015

ҚР ОСК төрағасы Өзбекстан делегациясымен кездесті

Қазақстан Респубикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы М.Абдусаломовпен кездесті, деп хабарлады ҚР ОСК.
Астана қаласы24 Сәуір , 12:04

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының басшысы өз сөзінде әріптестеріне Қазақстанда Президент сайлауын демократия принциптеріне сәйкес жоғары ұйымдастырушылық деңгейде табысты өткізулеріне тілектестігін білдірді.

Ал, Қ.Тұрғанқұлов делегация мүшелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының президенттік сайлауды өткізуге дайындық, өткізу жұмыстарымен таныстырды және аталмыш сайлаудың өзіне тән ерекшеліктерін айтып берді.  

«Сайлау науқанының үш кезеңі аяқталды, атқарушы билік органдарымен үлкен жұмыс жүзеге асырылды, оны сайлаушылар санының 1 қаңтардан бастап 213 мыңға артқаны дәлелдей түседі. Әр азамат өз конституциялық құқығы сайлау құқығын жүзеге асыруы үшін барлық жағдай жасалды. Барлық дайындық жұмыстары күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау заңнамасын бұзушылықсыз  жүргізілуде. Бүгінде азаматтар тарапынан 97 өтініш келіп түсті, оның тек 47 ғана электрораттық тақырыпқа қатысты» - деп атап өтті ол. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика