Парламент

Мәжілісте «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісім жобасы қаралады

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, ағымдағы жылдың 29 сәуірінде өтетін жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 24 Сәуір, 14:38

Мәжілісмендер назарына Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің жобасын, ілеспелі түзетулермен екінші оқылымда  қарау ұсынылған.          

Сондай-ақ, осы күні халық қалаулылары Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау бойынша заң жобаларын қарайды.                

Мәжілісмендер Каспий теңізінің түбін Түрікменстанмен бөлу туралы келісімді ратификациялауға қатысты қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды.              

Бұдан басқа, Бюро отырысында «Қазақстанның мұнай-газ секторының даму проблемалары мен перспективалары» тақырыбында  парламенттік тыңдау өткізу мәселесі де талқыланды.





Яндекс.Метрика