Энерготиімділік

Халықаралық энергетика агенттігі ҚР Энергетика министрлігі мен «Kazenergy» арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды (ФОТО)

Халықаралық энергетика агенттігі Қазақстанның Энергетика министрлігі мен «Kazenergy» компаниясымен өзара түсіністік пен одан әрі де ынтымақтастықта қызмет ету жөніндегі меморандумға қол қойды. Келісімге Халықаралық энергетика агенттігінің Шығыс Еуропа, Кавказ бен Орталық Азия елдерінің энергетикалық саясатына жасалған шолудың таныстырылымы барысында қол қойылды.
Астана қаласы 24 Сәуір, 11:31

«Агенттіктің жарияланымы жақын арада және болашақта әлемдегі энергетикалық нарықтардағы қалыптасқан жағдайды біліп, түсінуде маңызды мәлімет көзі болып табылатындығын атап өту керек. Мен бүгін көпшіліктің назарына ұсынылған шолу Қазақстан мен әлемдік қауымдастық үшін еліміздің энергетикалық нарығы туралы біліп, түсінуге пайдалы болады деген ойдамын»,-деді Энергетика министрі Владимир Школьник.

Меморандум Қазақстанның энергетикасын тұрақты дамыту мәселесін жүзеге асыруда техникалық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған. Нақтырақ айтқанда, ол энергетикалық қаупісіздікті қамтамасыз етіп, жаңғыртылатын энергеия көздерін дамытып, тұрақты энергетиканың инновациялық технологияларын жетілдіріп, энергияға деген қолжетімділікті арттырады.   

«Енді біз арнайы ақыл-кеңестері мен нақты фактілерге негізделген мәліметтері бар аталмыш сараптамалық шолуды пайдалана аламыз. Сондай-ақ әріптес елдерді ынтыландыруға бағытталған аталмыш құжатты өзге мемлекеттер саяси шешімдерді қабылдау мен ұлттық энергетикалық секторды түзету мен реформалау барысында қолдана алады»,-деді Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушез.  

Индира Кауметова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика