Энерготиімділік

ХЭА мен ЕС INOGATE бағдарламасы Шығыс Еуропа мен Кавказ және ОА елдерінің энергетикалық саясатының шолуын ұсынды

Астанада Халықаралық энергетика агенттігіне кірмейтін Шығыс Еуропа, Кавказ бен Орталық Азия елдерінің энергетикалық саясатына жасалған шолудың таныстырылымы өтті. Аталмыш шараны Халықаралық энергетикалық агенттігі дайындып, ол ЕО INOGATE бағдарламасы бойынша қаржыландырылды.
Астана қаласы24 Сәуір , 11:21

Басылымда Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан, Украина және Өзбекстан сияқты мемлекеттердегі энергетика секторының дамуы мен осы бағыттағы саясат жөнінде толық шолу жасалған. Оның ішінде, инфрақұрылым, жоғары энергиясыйымдылығы, төмен энергиятиімділік, пайдаланылған баламалы энергиялық әлеует пен осы кезде қызмет етіп тұрған аймақтық энергетикалық нарықтар да бар.    

«Еліміздің осыншалықты жоғарғы көрсеткішке ие болып отырғандығына қармастан, Қазақстан энергетика саласына инвестиция тартуға көп көңіл бөліп отыр. Біз өзіміздің шетелдік әріптестерімізбен әріптестік қатынастарды белсенді дамытып, энергерусурстарды тасымалдауды жетілдірудеміз. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің энергетикалық және мұнай-газ  саласы  өнім көлем құрып, жетілдіруге дейінгі аралықтан өтті. Біз даму үдерісін әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз»,-деді Энергетика министрі Владимир Школьник.  

Халықаралық энергетика агенттігінң шолуында Қазақстанның энергетикалық секторға деген перспективалы көзқарас негізіндегі жетістіктері жоғары бағаланған. «Жасыл экономикаға» көшу туралы Мемлекеттік тұжырымдама қабылданған соң мемлекеттің алдына елдің жалпы энергобаллансындағы баламалы және жаңғыртылатын энергия көздерін 2050 жылы 50 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған.     

Энергетика министрінің айтуынша, Қазақстан мұнай-газ асаласында жаңа технологияларды қабылдауға көп көңіл бөліп отыр. «Біз энергетикалық ресурстарды әртараптандырғымыз келеді, яғни біз инвестицияны тек шикізат шығаруға ғана емес, оны терең өңдеуге де тартуымыз керек және қосымша құнына технологиялық қамту үлесі жоғары өнімдерді шығару да назардан тыс қалмауы керек»,-деді В.Школьник.     

Естеріңізге саламыз  INOGATE  Еруропалық Одақ тарапынан қаржыландырылатын энергетика саласындағы техникалық көмек бойынша ең ұзақмерзімді бағдарламалардың бірі болып табылады. Бағдарлама 1996 жылы іске қосылды және ол Банкин бастамасы мен INOGATE  бағдарламасының Шығыс әріптестігі негізінде отынның қазып алатын түріне, энерггиятасымалдағыштарға, энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігін жетілдіруга, климаттың өзгеруі мен жұмсару тәуелділігін төмендету үшін 11 әріптес мемлекетпен ынтымақтастықта қызмет етеді. Бүгінгі таңда INOGATE  бағдарламасы 70 бағдарламаны сәтті жүзеге асырды.   

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика