Өңірлер

Қазақстанда бизнеске қолдау көрсету мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы іске қосылды

Қазақстанда бизнеске қолдау көрсету мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлады «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ Басқарма төрағасы Ләззәт Ибрагимова ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы24 Сәуір , 11:08

Айта кетерлік жайт, 2015 жылдың наурызында ҚР Үкіметі «Бизнестік жол картасы 2020» бизнеске қолдау көрсету мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» Қаулыны қабылдады. «Бизнестік жол картасы 2020» бизнеске қолдау көрсету мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының қаржы агенттігі  - «Даму» қоры, ал операторы – «Атамекен»ҰКП мен әкімдіктер.

«Бағдарлама бірінші кезекте ауылдық кәсіпкерлер үшін қолжетімді болды. 1 сәуірден бастап екінші деңгейдегі банктер қаржыландырып отырған және ауылдар мен моноқалаларда жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар еш шектеусіз субсидияланатын болады. Ал, салалық қолдау аясында барлық басымдылықтар сақталып қалды, оларды біз 7%-дан 14%-ға дейін субсидиялайтын боламыз»,- деді Л.Ибрагимова.

Оның айтуынша, бірыңғай бағдарлама көлемі жағынан үлкен, мерзімі жағынан жылдам және кәсіпкерлер үшін қолжетімдірек болды.

«ИИДМБ жүзеге асыру аясында 4,5 млрд теңгеге дейінгі барлық жобалар бойынша пайыздық үстемақыны субсидиялау 10%-ға дейін арттырылды. Осылайша  12-13% бен несие алған ірі жобалар минус 10% төлейтін болды, үстемақы едәуір аз болады, ең көп дегенде  2-3%. Бұл ретте ИИДМБ барлық екінші деңгейдегі банктерде үлкен басымдылыққа ие болады. Сонымен қатар, қаржы ресурстарының қолжетімділігі арта түседі»,- деп атап өтті ол.

Бұдан басқа, валюталық тәуекелдерді төмендету бойынша бірқатар шаралар қабылданды. «Біз валюталық несиелерді, табысының 10% валюта түрінде болатын кәсіпорындардың несиелерін субсидиялаймыз, пайыздық үстемақы қор тарапынан бекітілетін болады»,- деп түсіндірді  Ибрагимова.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика