Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ШҚО-ның жемқорлыққа қарсы қызметі мен қоғамдық ұйымдар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шығыс Қазақстанда «Зубр» ӘКҚ, «ШҚО-ның іскер әйелдер қауымдастығы», «ШҚО-ның Азаматтық Альянсы» ірі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға отырды.
Шығыс Қазақстан24 Сәуір , 15:38

«Халық мемлекеттік органдарға күмәнмен қарайды, сондықтанда Елбасының атына және «Нұр Отанға» жазады. Бізге шағымданады. Мен Меморандумға отырғанымызға және бірлесіп жұмыс істейтінімізге қуаныштымын», - деп атап өтті Өскемен қаласы жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы Серік Оразбайұлы.

Өз кезегінде, департамент басшысы Ғ.Досанов қоғамдық бірлестіктердің азаматтық ұстанымына алғыс білдіріп, азаматтық қоғамның жемқорлықпен күрестегі үлесін жоғары бағалады.

«Бүгінде біздің мемлекеттік органымыздың алдында беделін арттыру міндеті тұр. Тәулік бойы сенім телефондары мен кезекші бөлім жұмыс істейді. Нақты фактілер бойынша келіңіздер, өздеріңіздің ұсыныстарыңызды беріңіздер» - деді Ғ.Досанов.

Жалпы, Меморандумның негізгі мақсаты Елбасының жемқорлықты жою бойынша берген тапсырмаларын орындау болып табылады. 




Яндекс.Метрика