Евразиялық одақ

Б.Сағынтаев Мәскеудегі ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты

2015 жылдың 23 сәуірінде Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.
Әлемде24 Сәуір , 10:27

Алқа мәжілісіне қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың  одан ары тиімді қызметі мен дамуына қатысты және 2015 жылдың 8 мамырында мемлекет басшылары деңгейінде өтетін  Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібі мәселелерін талқылады.

«Кеңестің күн тәртібіндегі негізгі мәселе Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының шарттары туралы хаттаманың жобаларын дайындау. Бұл рете  екіжақты тиімді шешімдер қабылданды, оның қорытындысы бойынша тиісті хаттама жобалары Жоғарғы кеңестің келесі мәжілісінде қол қою үшін дайындалып қойды. Қырғыз Республикасының ЕАЭО қосылуы аясында Жоғарғы кеңестің мәжілісінде комиссияның алқа мүшелігіне қырғыз тарапынан да азаматтарды қабылдау көзделіп отыр»,-делінген хабарламада.

ЕЭК Кеңесінің мәжілісінде қазақстандық тарап Қырғыстанның ЕАЭК мүше болуы қолдайтындығын  білдірді. Бұл ортақ экономикалық кеңістікті кеңейтумен қатар, ықпалдастық бірлестігінің тартымдылығын арттырып, ЕАЭО мүше мемлекеттер мен орталық-азиялық аймақтың экономикалық тұрақтылығын нығайтады.    
 
ЕАЭО интеграциялық әлеуетін арттыру мен ұйымға мүше мемлекеттердің бәсекеге қабілетті артықшылықтарын дамыту мақсатында қазіргі экономикалық жағдайда ұйымға мүше әрбір елге қосымша экономикалық серпін беруге ықпал ететін ЕАЭО мүше елдердің экономикалық дамуынның негізгі бағыттары талқыланды.     
 
Бұған қоса ЕАЭО мүше елдердің 2015-2016 жылдарды қамтитын макароэкономикалық саясатының негізгі бағыттары талқыланды. Аталмыш құжат ұйымға мүше елдердің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ықпалдастық үдерісіне қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсімін қалпына келтіруге жол салатын болады.   

 




Яндекс.Метрика