Ұлттың денсаулығы

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлері Қарағанды облысында телемедициналық консультация өткізді

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлері Қарағанды облысы Жезқазған станциясына келген соң «Астана медициналық университеті»АҚ профессорларымен телемедициналық консультация өткізді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
Қарағанды24 Сәуір , 18:32

Телемедициналық сеанс көмегімен нефрологиялық және эндокринді потологиясы бар науқасқа кеңес берілді. Ол өзінің денсаулығының нашарлауына байланысты «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының дәрігерлеріне шағым түсірген.

Дәрігерлер науқасты толығымен қарап шығып, алдын ала диагноз қойып, телемедициналық консультация өткізуге дайындады.

Қашықтықтан консультация беру арқылы дерттің пайда болуы, пойыз дәрігерлері зерттеуінің нәтижесі, науқастың қазіргі жағдайы толығымен зерттеліп, алдын ал қойылған диагноз бен ем қабылдау шаралары  түзетілді.

Комитеттің ақпараты бойынша, 2015 жылдың 23 наурызынан бастап 29 күн ішінде 3 медициналық пойыз 41 станцияда 21 393 адамға медициналық қызмет көрсетті. 




Яндекс.Метрика