ҚР ИИДМБ

Қазақстанда инвестициялық хаб құру ИИМДБ-ның 2015-2019 жылдарға арналған міндеттерінің бірі

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының 2015-2019 жылдарға арналған міндеттерінің бірі Қазақстанда инвестициялық хаб құру. Бұл туралы «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының өкілдері Strategy2050.kz. ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлім етті.
Астана қаласы24 Сәуір , 10:43

«2015-2019 жылдарға бағытталған ИИМДБ (2-ші бесжылдық) қайта өңдеу өнеркәсібінің өсуімен, яғни саяси және бизнес элиталардың индустриализацияландыру идеясының аясында бірігіуімен, Қазақстанда инвестициялық хабтің құрылуымен, басқарудың халықаралық стандарттарын енгізумен, сапалы жұмыс орындарын ашу сияқты игіліктермен ерекшеленеді»,-деп хабарлайды ведомство.     

Сонымен қатар, ИИДМБ міндеті «жедел» трансферттер мен технологияларды құру, ШОБ пен ірі кәсіпорындар арасындағы өндіріс байланысын нығайту болып табылады. Сондай-ақ Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына белсенді экспорттауды бастау мен еңбек пен активтердің өнімділігін арттыру да осы бағыттағы басты міндеттердің бірі.  

Бұл ретте, 2010-2014 жылдары (1-ші бесжылдық) ИИМДБ барлық міндеттемелер толығымен орындалғандығын атап өту керек. «5 жыл ішінде индустриалды инфрақұрылым салынып, инвестициялық климат қалыптаса бастады. Инновациялық ортаға деген алғышарттар пайда болды, әлеуметтік салалар  - лидерлер анықталды»,-дейді ҚИДИ мәліметтері.  

Бұған қоса, ведомствоның мәліметтерінше, аталмыш бағдарламаның 2020-2024 (3-ші жартыжылдық) жылдарға арналған міндеттері макроаймақта бәсекеге қабілетті бола бастау. «Нақтырақ айтқанда, жаңа формациядағы бизнес-элитаның пайда болуына, «ақылды экономика» негіздерін қалыптастыру, кәсіби қызметтердің жоғарыөндірісті секторының пайда болуын қамтамасыз ету»,-делінген хабарламада.

Үшінші бесжылдық экономиканың жаңа құрылымына көшуге ықпал етіп, кәсіпкерлердің мықты орта табын қалыптастырады, аймақтық деңгейде шикізаттың экспорттық тауардың 3-4 түрі бойынша айтарлықтай үлесін  ұстап тұрып, еңбектің өнімділігі деңгейіне шығуға ықпал етеді.   

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика