Урбанизация және өңірлер дамуы

Маңғыстау облысында бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 66,3%-ға артты

Маңғыстау обылсында 2015 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 238,985 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 66,3%-ға және бекітілген жоспардан 91%-ға артық.
Маңғыстау28 Сәуір , 09:43

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2015 жылы ҚР Ұлттық қор мен бюджет қаражаты есебінен «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында 987 пәтері бар 7 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау көзделуде.

Оның ішінде екінші кезек аясында 747 пәтері бар 4 тұрғын үй барлық санаттағы азаматтарға «ТҮҚЖБ»АҚ желісі бойынша, 240 пәтері бар 3 тұрғын үй, оның 120 пәтері бар 2 тұрғын үйі жас отбасыларға және қалған біреуі, яғни 120 пәтері бар тұрғын үй барлық санаттағы азаматтарға ТҮҚЖБ»АҚ желісі бойынша беріледі.

Бұдан басқа, Атырау қаласында мемлекеттік қолдау аясында үлескерлері бар 3 тұрғын үй нысанының құрылысы аяқталады. 




Яндекс.Метрика