Адами капитал

Астанада ардагерлер ұйымдары көркемөнерпаздар шығармашылығының байқау-фестивалі өтті

Астана қаласында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу құрметіне арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты ардагерлер ұйымының көркемөнерпаз шығармашылығы республикалық байқау-фестивалінің Гала-концерті өтті, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Астана қаласы24 Сәуір , 12:19

Байқау-фестивалінің іріктеу туры еліміздің барлық өңірлерінде келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Ән шығармашылығы: Өткен күндерге тағзым», «Мамыр вальсі": реорита, танго, вальс орындаушылардың би конкурсы», «Музыкалық және ауызша фольклор (айтыс форматында)", «Менің тағдырымдағы соғыс тақырыбы (өлең, әңгіме, авторлық әңгіме)" және «Аспаптық орындаушылық (домбыра, қобыз, баян, гитара, гармонь, балалайка және т. б.)".

Ведомсвтодан атап өткендей, байқау-фестивалінің басты мақсаты — ардагерлер шығармашылығын дамыту, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, үлкендерге құрмет көрсету, зейнет жасындағы азаматтардың шығармашылық қабілеттерін ашуға және бос уақыттарында мәдени шаралар ұйымдастыруға жағдай жасау, халық шығармашылығының барлық түрлері мен жанрларын насихаттау.

Фестивальға облыстық жарыстарда  жеңіске жеткен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар ардагерлер өнер көрсетті, ал оларды жоғары білікті мамандардан құрылған комиссия іріктеген еді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө. Озғанбаев құттықтау сөздерін оқып, аталмыш шараның маңыздылығы мен көкейкестілігін атап өтіп, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ конкурс аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған көркемөнерпаз шығармашылығы республикалық байқау-фестивалінің көрмесі ұйымдастырылды.




Яндекс.Метрика